Цифрлы жаз [2019]
«Самұрық-Қазына» АҚ компанияларымен бірге
ІТ саласында сәтті қызмет жолын бастау
Бағдарлама туралы
About

"Цифрлы жаз" тағылымдама бағдарламасының мақсаты - 2019, 2020 жылдардың ең үздік және талантты бакалавриат және магистратура түлектерін бағдарламаға тарту және дайындау, "Самұрық -Қазына" АҚ – ның портфельдік компанияларына жұмысқа орналастыру. Егер сен белсенді, мақсаты биік, ІТ бағытында дағдың бар болса және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы компанияларында өзіңді көрсетуге дайын болсаң, тез арада сайтымызда тіркел де, сынақтамадан өт.

60 қатысушы тағылымдамадан өтіп, ең үздіктері жұмысқа орналастырылады. Тағылымдамадан өту - жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді.

Толығырақ Толығырақ
Саған берілетін мүмкіндіктер
ҚР-ның бес қаласының бірінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бір компаниясында өтетін цифрландыру жобасындағы бірегей тәжірибе
Компания қызметкерлері қатарынан тағайындалатын тәлімгер
Ай сайын төленетін шәкіртақы
Тағылымдама бағдарламасын cәтті өткен жағдайда, жұмысқа орналасу мүмкіндігі
Байқауды өткізу ережелері мен тәртібі

Үміткерлер әлеуетін анықтау жолымен байқау негізінде іріктеледі

Байқау 4 кезеңнен тұрады

Байқауды өткізу барысында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» ЖМ-і келесі негізгі қағидаттарды басшылыққа алады, олар: қатысудың тең мүмкіндігі, шарттар мен байқау тәртіптерінің айқындығы және жеңімпазды таңдау кезіндегі меритократия.

кезең 01
Қашықтан
Қатысуға өтініш беру – оқып жатқан мамандығын және ЖОО-да оқу барысында, сондай-ақ өз бетімен оқу арқылы ІТ саласында алған білімі мен дағдысын көрсете отырып, тіркеу үлгісін толтыру.
Тапсырма – ІТ саласындағы тәжірибе мен жетістіктерді көрсету арқылы, қабылдау комиссиясын басқа үміткерлер қатарынан тек сізді таңдауға көндіру.
Онлайн сынақтама – бұл қадамда үміткер берілген уақыт ішінде сынақтама сұрақтарына жауап беруі тиіс. Сұрақтардың тақырыбы мен саны таңдаған мамандыққа байланысты болады. Осы бағалау құралы оқу барысында, сондай-ақ жеке еңбек және ғылыми жолында алған білімі мен дағдысын анықтауға арналған.
кезең 02
Көзбе-көз

IT-case study. Бұл кезеңде үміткер таңдаған мамандағына орай берілген тапсырмаларды шешуі қажет.

кезең 03
Көзбе-көз

Қабілет сынақтамасы, мұнда келесі мәліметтермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады:

  • санды ақпарат;
  • ауызша ақпарат.
кезең 04
Көзбе-көз
Құзыреттілік бойынша сұхбат және ІТ – сарапшылармен тілдесу
Құзыреттілік бойынша сұхбат – үміткерлерді іріктеу кезінде өткізілетін сұхбатттың ең күрделі және ұзақ түрлерінің бірі, ол әртүрлі жағдайларда байқалатын шынайы мінезді толық талдауға бағытталады және нақты тәжірибені бағалайды. Жан-жақты жауап беруді қажет ететін сұрақтар ашық қойылады және әдетте «Мынадай жағдайды есіңізге түсіріңізші....», «Айтып беріңізші Сіз қалай ....» және т.с.с. басталады. Мұндағы негізгі міндет – білімің мен дағдыңды ықтимал жұмыс беруші алдында толық көрсету және оған қажет маман тек Сіз екеніне оның көзін жеткізу. Мұнда ІТ қызметке қатысты жағдайлар айтылып отыр (зерттеме, жасау, баптау және т.с.с.).
жиі қойылатын сұрақтар
Іріктеу байқауы төрт кезеңнен тұрады,
1-кезең (қашықтан) сауалнама және ІТ-сынақтама;
2-кезең (көзбе-көз) IT-case study;
3-кезең (көзбе-көз) қабілет сынақтамасы;
4-кезең (көзбе-көз) Құзыреттілік бойынша сұхбат және ІТ-сарапшылармен тілдесу.
Бағдарламаға 2019-2020 жылдардың түлектері, яғни бакалавриаттың 3 және 4-курс студенттері қатысады.
Бағдарламаға кез келген мамандық, кез келген ЖОО және барлық аймақтың түлектері қатыса алады. Негізгі талап – цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті білімі мен дағдысының болуы.
1) ҚР азаматтығы;
2) IT саласында дағдысы болуы;
3) бакалавриаттың 3 және 4-курс студенті болуы;
4) географиялық мобильділік – цифрландыру жобалары Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Өскемен қалаларында өтеді
Байқауға қатысу өтініші 2019 жылғы 26 ақпан мен 29 наурыз аралығында, байқаудың www.digital-summer.sk.kz ресми сайтында онлайн тіркелу арқылы қабылданады. 2019 жылғы 29 наурыздан кеш келген байқауға қатысу өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды.
Орта білім туралы аттестат пен аттестаттың қосымшасын тіркеудің қажеті жоқ. Байқауға қатысуға қажетті құжаттар мен шарттардың толық тізімімен «Ережелер» бөлімінде танысуға болады.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына тіркелу үшін, келесі құжаттардың электронды нұсқасы керек: жеке куәліктің сканерленген көшірмесі, фото 3х4, оқу кезіндегі бейресми транскрипт, оны университеттен ала аласыз, жетістіктерін растайтын әртүрлі сертификаттар, дипломдар.
Тіркеу www.digital-summer.sk.kz ресми сайтының «Тіркелу» бөлімінде онлайн жүреді.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына өтініш беру үшін және байқаудың 1-кезеңінен өту үшін Сізге Қазақстан аумағында болу міндетті емес. www.digital-summer.sk.kz сайтының «Тіркелу» бөліміне өтіп, барлық қажетті жолды онлайн толтырсаңыз болды.
Тағылымдама бағдарламасына қатысушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді, көшу және күн көру шығындарын қатысушылар өздері көтереді.
Әр кезеңнің нәтижесі www.digital-summer.sk.kz сайтында жарияланады. «Цифрлы жаз» бағдарламасына қабылдаудың соңғы нәтижесі маусым айының басында жарияланады.
Бағдарлама туралы пікірлер
Тағылымдама өтетін компаниялардың тізімі