Байқауды өткізу ережелері мен тәртібі

Үміткерлер әлеуетін анықтау жолымен байқау негізінде іріктеледі

Байқау 4 кезеңнен тұрады

Байқауды өткізу барысында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» ЖМ-і келесі негізгі қағидаттарды басшылыққа алады, олар: қатысудың тең мүмкіндігі, шарттар мен байқау тәртіптерінің айқындығы және жеңімпазды таңдау кезіндегі меритократия.

кезең 01
Қашықтан
Қатысуға өтініш беру – оқып жатқан мамандығын және ЖОО-да оқу барысында, сондай-ақ өз бетімен оқу арқылы ІТ саласында алған білімі мен дағдысын көрсете отырып, тіркеу үлгісін толтыру.
Тапсырма – ІТ саласындағы тәжірибе мен жетістіктерді көрсету арқылы, қабылдау комиссиясын басқа үміткерлер қатарынан тек сізді таңдауға көндіру.
Онлайн сынақтама – бұл қадамда үміткер берілген уақыт ішінде сынақтама сұрақтарына жауап беруі тиіс. Сұрақтардың тақырыбы мен саны таңдаған мамандыққа байланысты болады. Осы бағалау құралы оқу барысында, сондай-ақ жеке еңбек және ғылыми жолында алған білімі мен дағдысын анықтауға арналған.
кезең 02
Көзбе-көз

IT-case study. Бұл кезеңде үміткер таңдаған мамандағына орай берілген тапсырмаларды шешуі қажет.

кезең 03
Көзбе-көз

Қабілет сынақтамасы, мұнда келесі мәліметтермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады:

  • санды ақпарат;
  • ауызша ақпарат.
кезең 04
Көзбе-көз
Құзыреттілік бойынша сұхбат және ІТ – сарапшылармен тілдесу
Құзыреттілік бойынша сұхбат – үміткерлерді іріктеу кезінде өткізілетін сұхбатттың ең күрделі және ұзақ түрлерінің бірі, ол әртүрлі жағдайларда байқалатын шынайы мінезді толық талдауға бағытталады және нақты тәжірибені бағалайды. Жан-жақты жауап беруді қажет ететін сұрақтар ашық қойылады және әдетте «Мынадай жағдайды есіңізге түсіріңізші....», «Айтып беріңізші Сіз қалай ....» және т.с.с. басталады. Мұндағы негізгі міндет – білімің мен дағдыңды ықтимал жұмыс беруші алдында толық көрсету және оған қажет маман тек Сіз екеніне оның көзін жеткізу. Мұнда ІТ қызметке қатысты жағдайлар айтылып отыр (зерттеме, жасау, баптау және т.с.с.).
Байқауға қатысу өтініші 2019 жылғы 26 ақпан мен 07 сәуір аралығында, байқаудың www.digital-summer.sk.kz ресми сайтында онлайн тіркелу арқылы қабылданады.
2019 жылғы 07 сәуірінен кеш келген байқауға қатысу өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды. Байқау өтінішінің тіркелгені үміткер байқау өтінішінде көрсеткен пошта (электронды) мекенжайына жіберілген, өтініштің тіркелгені туралы хабарлама арқылы расталады.
МАҢЫЗДЫ
Іріктеу айналымының бірінен өтпей қалған үміткерлер байқаудан шығарылады. Әр айналымның нәтижесі ресми сайтта жарияланады. «Цифрлы жаз» бағдарламасына қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы соңғы шешімді байқау комиссиясы шығарады, ол туралы үміткерге комиссия отырысынан кейін, ақпаратты ресми сайтта жариялау арқылы хабарланады. Байқау жеңімпаздарымен оқу және жетілдіру, бағдарламадан өту нәтижесі бойынша ары қарай жұмысқа орналастыру талаптары туралы келісім шарт жасалады.