ІТ саласында сәтті қызмет жолын бастау

"Цифрлы жаз" тағылымдама бағдарламасының мақсаты - 2019, 2020 жылдардың ең үздік және талантты бакалавриат және магистратура түлектерін бағдарламаға тарту және дайындау, "Самұрық -Қазына" АҚ – ның портфельдік компанияларына жұмысқа орналастыру. Егер сен белсенді, мақсаты биік, ІТ бағытында дағдың бар болса және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы компанияларында өзіңді көрсетуге дайын болсаң, тез арада сайтымызда тіркел де, сынақтамадан өт.
60 қатысушы тағылымдамадан өтіп, ең үздіктері жұмысқа орналастырылады. Тағылымдамадан өту - жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді.
Үміткерлер әлеуетін анықтау жолымен байқау негізінде іріктеледі
Байқау 4 кезеңнен тұрады
Байқауды өткізу барысында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» ЖМ-і келесі негізгі қағидаттарды басшылыққа алады, олар: қатысудың тең мүмкіндігі, шарттар мен байқау тәртіптерінің айқындығы және жеңімпазды таңдау кезіндегі меритократия.
Тапсырма – ІТ саласындағы тәжірибе мен жетістіктерді көрсету арқылы, қабылдау комиссиясын басқа үміткерлер қатарынан тек сізді таңдауға көндіру.
Онлайн сынақтама – бұл қадамда үміткер берілген уақыт ішінде сынақтама сұрақтарына жауап беруі тиіс. Сұрақтардың тақырыбы мен саны таңдаған мамандыққа байланысты болады. Осы бағалау құралы оқу барысында, сондай-ақ жеке еңбек және ғылыми жолында алған білімі мен дағдысын анықтауға арналған.
IT-case study. Бұл кезеңде үміткер таңдаған мамандағына орай берілген тапсырмаларды шешуі қажет.
Қабілет сынақтамасы, мұнда келесі мәліметтермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады:
- санды ақпарат;
- ауызша ақпарат.
Құзыреттілік бойынша сұхбат – үміткерлерді іріктеу кезінде өткізілетін сұхбатттың ең күрделі және ұзақ түрлерінің бірі, ол әртүрлі жағдайларда байқалатын шынайы мінезді толық талдауға бағытталады және нақты тәжірибені бағалайды. Жан-жақты жауап беруді қажет ететін сұрақтар ашық қойылады және әдетте «Мынадай жағдайды есіңізге түсіріңізші....», «Айтып беріңізші Сіз қалай ....» және т.с.с. басталады. Мұндағы негізгі міндет – білімің мен дағдыңды ықтимал жұмыс беруші алдында толық көрсету және оған қажет маман тек Сіз екеніне оның көзін жеткізу. Мұнда ІТ қызметке қатысты жағдайлар айтылып отыр (зерттеме, жасау, баптау және т.с.с.).
1-кезең (қашықтан) сауалнама және ІТ-сынақтама;
2-кезең (көзбе-көз) IT-case study;
3-кезең (көзбе-көз) қабілет сынақтамасы;
4-кезең (көзбе-көз) Құзыреттілік бойынша сұхбат және ІТ-сарапшылармен тілдесу.
2) IT саласында дағдысы болуы;
3) бакалавриаттың 3 және 4-курс студенті болуы;
4) географиялық мобильділік – цифрландыру жобалары Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Өскемен қалаларында өтеді