Бағдарлама туралы




«Цифрлық жаз» бағдарламасының мақсаты — үздік және дарынды студенттерге «Самұрық-Қазына» АҚ қоржын компанияларындағы Цифрлық Трансформацияның нақты жобаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру.
ТОП-50 Үздік студент «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компанияларының бірінде тағылымдамадан өтеді.
«Самұрық-Қазына» компанияларына жастардың энергиясы, цифрлық трансформацияны дамытуға сенің жаңа көзқарасың қажет.».
«Цифрлық жаз» бағдарламасының нәтижелері сандарда
4343
өтінім бергендер
177
тағылымдамаға қабылданғандар
59
жұмысқа орналасуға шақыру алды
Саған берілетін мүмкіндіктер
Біздің тағылымдамадан өтушілер ай сайын стипендия алады
Бірегей бағдарлама бойынша оқыту
Soft skills және hard skills дағдыларын жетілдіру
Soft skills және hard skills дағдыларын жетілдіру
Компанияның ТОП-менеджменті қатарынан жеке тәлімгер
Қолданыстағы Цифрлық Трансформация жобаларында жұмыс істеу
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кейстерінің шешімімен хакатон
Тәжірибе және нетворкинг
Байқауды өткізу ережелері мен тәртібі
Конкурстық іріктеу онлайн-режимде өтеді және 4 кезеңнен тұрады:
кезең
01
Өтінім беру
Қатысуға өтінім-ЖОО-да оқу процесінде де, өз бетінше оқу процесінде де оқу мамандығы мен алған білімі мен дағдылары көрсетілген тіркеу нысанын толтыру. Міндет-тәжірибе мен жетістіктерді көрсете отырып, қабылдау комиссиясын сізді басқа кандидаттар арасынан таңдауға көндіру.
кезең
02
Қабілеттерді бағалауға тестілеу (ND және VD)
Бұл кезеңде үміткерлерге төменде көрсетілгендермен жұмыс істеу қабілетін бағалау үшін 2 тест тапсыру ұсынылады:
- сандық ақпарат (ND);
- ауызша ақпарат (VD).
кезең
03
Case study
Үміткер таңдаған бейініне байланысты ұсынылған есептерді шешуі қажет.
кезең
04
Құзыреттер бойынша сұхбат
Басты міндет өз білімдері мен дағдыларын әлеуетті жұмыс берушінің алдында барынша толығырақ етіп ашып көрсету және оған дәл мына Сіздің, олар үшін қажет адам екеніңізді сендіру.
Конкурсты өткізу кезінде біз негізгі қағидаттарды басшылыққа аламыз: қатысудың тең мүмкіндіктері, жеңімпаздарды таңдау кезіндегі меритократия, конкурс өлшемшарттары мен рәсімдерінің ашықтығы.
жиі қойылатын сұрақтар
Іріктеу байқауы төрт кезеңнен тұрады,
1-кезең (қашықтан) Өтінім беру;
2-кезең (қашықтан) Қабілет сынақтамасы;
3-кезең (қашықтан) Сase study;
4-кезең (қашықтан) Құзыреттілік бойынша сұхбат.
1-кезең (қашықтан) Өтінім беру;
2-кезең (қашықтан) Қабілет сынақтамасы;
3-кезең (қашықтан) Сase study;
4-кезең (қашықтан) Құзыреттілік бойынша сұхбат.
Бағдарламаға 2021-2022 жылдардың түлектері, яғни бакалавриаттың 3 және 4-курс студенттері қатысады.
Бағдарламаға кез келген мамандық, кез келген ЖОО және барлық аймақтың түлектері қатыса алады. Негізгі талап – цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті білімі мен дағдысының болуы.
1) ҚР азаматтығы;
2) бакалавриаттың 3 және 4-курс, магистратураның 1 және 2-курс студенті болуы;
3) географиялық мобильділік – цифрландыру жобалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларында өтеді.
2) бакалавриаттың 3 және 4-курс, магистратураның 1 және 2-курс студенті болуы;
3) географиялық мобильділік – цифрландыру жобалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларында өтеді.
Байқауға қатысу өтініші 2021 жылғы 1 ақпан мен 31 наурыз аралығында, байқаудың www.digital-summer.sk.kz ресми сайтында онлайн тіркелу арқылы қабылданады. 2021 жылғы 31 наурыздан кеш келген байқауға қатысу өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды.
Жоқ, жас шектеуі жоқ.
Өтініш қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.
Орта білім туралы аттестат пен аттестаттың қосымшасын тіркеудің қажеті жоқ. Байқауға қатысуға қажетті құжаттар мен шарттардың толық тізімімен «Ережелер» бөлімінде танысуға болады.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына тіркелу үшін, келесі құжаттардың электронды нұсқасы керек: жеке куәліктің сканерленген көшірмесі, фото 3х4, оқу кезіндегі бейресми транскрипт, оны университеттен ала аласыз, жетістіктерін растайтын әртүрлі сертификаттар, дипломдар.
Тіркеу www.digital-summer.sk.kz ресми сайтының «Тіркелу» бөлімінде онлайн жүреді.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына өтініш беру үшін Сізге Қазақстан аумағында болу міндетті емес. www.digital-summer.sk.kz сайтының «Тіркелу» бөліміне өтіп, барлық қажетті жолды онлайн толтырсаңыз болды.
Тағылымдама бағдарламасына қатысушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді. Көшу және күн көру шығындарын қатысушылар өздері көтереді.
Әр кезеңнің нәтижесі www.digital-summer.sk.kz сайтында жарияланады. «Цифрлы жаз» бағдарламасына қабылдаудың соңғы нәтижесі маусым айының басында жарияланады.
Бағдарлама туралы пікірлер
Тағлымдама барысында алған оң тәжірибе, біліктіліктер мен дағдылар мені кәсіби және тұлғалық өсу жолында одан әрі дамытуға итермелейді.
«Цифрлық жаз» бағдарламасының арқасында көптеген өршіл студенттер еліміздегі ең ірі ұйымдардың үздік мамандары қатарына қосылуға мүмкіндік алуда.
Тәлімгерімнен өз салама қатысты теңдессіз тәжірибе алдым.
Мен өзімнің дамуым мен өсуіме көмектесетін өте көп білім алдым. Бағдарлама маған еліміздегі ірі компаниялардың біріне жұмысқа орналасу мүмкіндігін берді, мен ол жерде әлі күнге дейін жаңа мүмкіндіктер алудамын.
Осы тағылымдаманың арқасында мен ешқандай тәжірибесіз осындай үлкен компанияға жұмысқа тұрдым. Бұл жас мамандар үшін ең жақсы мүмкіндік. – «Цифрлық жаз-2019» бағдарламасының қатысушысы.
"Мен үшін "Цифрлы жаз" бағдарламасы, бірінші кезекте, қор компанияларына жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен болашағы бар мансаптың басталуы"
"Цифрлі жаздың" арқасында мен мансабымда өсе алатын және пайда келтіретін жерде жұмыс жасап жатырмын. Маған ұнайтыны - өзара құрметке, көмекке және өзіңді жетілдіруге негізделген корпоративтік мәдениет.