Жиі қойылатын сұрақтар
Іріктеу байқауы төрт кезеңнен тұрады, 1-кезең (қашықтан) Өтінім беру; 2-кезең (қашықтан) Қабілет сынақтамасы; 3-кезең (қашықтан) Сase study; 4-кезең (қашықтан) Құзыреттілік бойынша сұхбат.
Бағдарламаға 2021-2022 жылдардың түлектері, яғни бакалавриаттың 3 және 4-курс студенттері қатысады.
Бағдарламаға кез келген мамандық, кез келген ЖОО және барлық аймақтың түлектері қатыса алады. Негізгі талап – цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті білімі мен дағдысының болуы.
1) ҚР азаматтығы; 2) бакалавриаттың 3 және 4-курс, магистратураның 1 және 2-курс студенті болуы; 3) географиялық мобильділік – цифрландыру жобалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларында өтеді.
Байқауға қатысу өтініші 2021 жылғы 1 ақпан мен 31 наурыз аралығында, байқаудың www.digital-summer.sk.kz ресми сайтында онлайн тіркелу арқылы қабылданады. 2021 жылғы 31 наурыздан кеш келген байқауға қатысу өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды.
Орта білім туралы аттестат пен аттестаттың қосымшасын тіркеудің қажеті жоқ. Байқауға қатысуға қажетті құжаттар мен шарттардың толық тізімімен «Ережелер» бөлімінде танысуға болады.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына тіркелу үшін, келесі құжаттардың электронды нұсқасы керек: жеке куәліктің сканерленген көшірмесі, фото 3х4, оқу кезіндегі бейресми транскрипт, оны университеттен ала аласыз, жетістіктерін растайтын әртүрлі сертификаттар, дипломдар.
Тіркеу www.digital-summer.sk.kz ресми сайтының «Тіркелу» бөлімінде онлайн жүреді.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына өтініш беру үшін Сізге Қазақстан аумағында болу міндетті емес. www.digital-summer.sk.kz сайтының «Тіркелу» бөліміне өтіп, барлық қажетті жолды онлайн толтырсаңыз болды.
Тағылымдама бағдарламасына қатысушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді. Көшу және күн көру шығындарын қатысушылар өздері көтереді.
Әр кезеңнің нәтижесі www.digital-summer.sk.kz сайтында жарияланады. «Цифрлы жаз» бағдарламасына қабылдаудың соңғы нәтижесі маусым айының басында жарияланады.
Сұрақтарыңыз бар ма?