Цифрлы жаз [2021]
«Самұрық-Қазына» АҚ компанияларымен бірге
табысты мансапқа жол тарту
Бағдарлама туралы

«Цифрлық жаз» бағдарламасының мақсаты - үздік және дарынды студенттерге «Самұрық-Қазына» АҚ қоржын компанияларындағы Цифрлық Трансформацияның нақты жобаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру.

ТОП-50 Үздік студент «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компанияларының бірінде тағылымдамадан өтеді.

Толығырақ Толығырақ
«Самұрық-Қазына» компанияларына жастардың энергиясы, цифрлық трансформацияны дамытуға сенің жаңа көзқарасың қажет.».
Керейбаев Дәурен Жұмағалиұлы
Керейбаев Дәурен Жұмағалиұлы
«Самұрық-Қазына» АҚ Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры.
4343
өтінім бергендер
177
тағылымдамаға қабылданғандар
59
жұмысқа орналасуға шақыру алды
Саған берілетін мүмкіндіктер
Біздің тағылымдамадан өтушілер ай сайын стипендия алады
Бірегей бағдарлама бойынша оқыту. Soft-skills және hard-skills дағдыларын жетілдіру.
Жеке тәлімгер
Қолданыстағы Цифрлық Трансформация жобаларында жұмыс істеу.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кейстерінің шешімімен хакатон
Тәжірибе және нетворкинг
Байқауды өткізу ережелері мен тәртібі

Конкурстық іріктеу онлайн-режимде өтеді және 4 кезеңнен тұрады:

кезең 01
Өтінім беру
Қатысуға өтінім-ЖОО-да оқу процесінде де, өз бетінше оқу процесінде де оқу мамандығы мен алған білімі мен дағдылары көрсетілген тіркеу нысанын толтыру. Міндет-тәжірибе мен жетістіктерді көрсете отырып, қабылдау комиссиясын сізді басқа кандидаттар арасынан таңдауға көндіру.
кезең 02
Қабілеттерді бағалауға тестілеу (ND және VD)

Бұл кезеңде үміткерлерге төменде көрсетілгендермен жұмыс істеу қабілетін бағалау үшін 2 тест тапсыру ұсынылады:

  • сандық ақпарат (ND);
  • ауызша ақпарат (VD).
кезең 03
Case study
Үміткер таңдаған бейініне байланысты ұсынылған есептерді шешуі қажет.
кезең 04
Құзыреттер бойынша сұхбат
Басты міндет өз білімдері мен дағдыларын әлеуетті жұмыс берушінің алдында барынша толығырақ етіп ашып көрсету және оған дәл мына Сіздің, олар үшін қажет адам екеніңізді сендіру.

Конкурсты өткізу кезінде біз негізгі қағидаттарды басшылыққа аламыз: қатысудың тең мүмкіндіктері, жеңімпаздарды таңдау кезіндегі меритократия, конкурс өлшемшарттары мен рәсімдерінің ашықтығы.
жиі қойылатын сұрақтар
Іріктеу байқауы төрт кезеңнен тұрады,
1-кезең (қашықтан) сауалнама және ІТ-сынақтама;
2-кезең (қашықтан) case study;
3-кезең (көзбе-көз) қабілет сынақтамасы;
4-кезең (көзбе-көз) Құзыреттілік бойынша сұхбат және сарапшылармен тілдесу.
Бағдарламаға 2020-2021 жылдардың түлектері, яғни бакалавриаттың 3 және 4-курс студенттері қатысады.
Бағдарламаға кез келген мамандық, кез келген ЖОО және барлық аймақтың түлектері қатыса алады. Негізгі талап – цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қажетті білімі мен дағдысының болуы.
1) ҚР азаматтығы;
2) бакалавриаттың 3 және 4-курс, магистратураның 1 және 2-курс студенті болуы;
3) географиялық мобильділік – цифрландыру жобалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Екібастұз қалаларында өтеді.
Байқауға қатысу өтініші 2020 жылғы 26 ақпан мен 19 сәуір аралығында, байқаудың www.digital-summer.sk.kz ресми сайтында онлайн тіркелу арқылы қабылданады. 2020 жылғы 19 сәуірден кеш келген байқауға қатысу өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды.
Орта білім туралы аттестат пен аттестаттың қосымшасын тіркеудің қажеті жоқ. Байқауға қатысуға қажетті құжаттар мен шарттардың толық тізімімен «Ережелер» бөлімінде танысуға болады.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына тіркелу үшін, келесі құжаттардың электронды нұсқасы керек: жеке куәліктің сканерленген көшірмесі, фото 3х4, оқу кезіндегі бейресми транскрипт, оны университеттен ала аласыз, жетістіктерін растайтын әртүрлі сертификаттар, дипломдар.
Тіркеу www.digital-summer.sk.kz ресми сайтының «Тіркелу» бөлімінде онлайн жүреді.
«Цифрлы жаз» бағдарламасына өтініш беру үшін және байқаудың 1-2 кезеңлері өту үшін Сізге Қазақстан аумағында болу міндетті емес. www.digital-summer.sk.kz сайтының «Тіркелу» бөліміне өтіп, барлық қажетті жолды онлайн толтырсаңыз болды.
Тағылымдама бағдарламасына қатысушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді, көшу және күн көру шығындарын қатысушылар өздері көтереді.
Әр кезеңнің нәтижесі www.digital-summer.sk.kz сайтында жарияланады. «Цифрлы жаз» бағдарламасына қабылдаудың соңғы нәтижесі маусым айының басында жарияланады.
Тағылымдама өтетін компаниялардың тізімі
Бағдарлама туралы пікірлер